Құрметті студенттер, оқытушылар және университет қызметкерлері!
«Астана медицина университеті» КеАҚ кітапханасы ИВИС электрондық кітапханасына тестілік қолжетімділіктің ашылғанын хабарлайды. Платформада Ресейдің жетекші баспалары шығаратын 2 000-нан астам газет пен журнал, соның ішінде Ресей ғылым академиясының ғылыми басылымдары және жетекші мамандандырылған баспалардың медициналық журналдары ұсынылған.
🔹 Тестілік қолжетімділік мерзімі: 2026 жылғы 16 қазаннан 30 қарашаға дейін.
🔹 Ашық қолжетімді журналдар: 2029 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолжетімді.
🔗 Қолжетімділік сілтемесі: https://eivis.ru/
🔑 Кіру деректері:
Логин: AstanaMedU
Құпиясөз: AstanaMedU
Студенттерді, оқытушыларды және ғылыми қызметкерлерді аталған ресурсты оқу, ғылыми және зерттеу жұмыстарында пайдалануға шақырамыз!
