Бірлестік атауы | Сипаттамасы | Сілтеме |
Мемлекеттік кітап палатасы
Государственная книжная палата |
Қазақ КСР Мемлекеттік Кітап палатасы 1937 жылғы 19 шілдедегі Казақ КСР Орталық Атқару Комитеті мен Қазақ КСР ХКК-ның «Қазақ КСР Мемлекеттік Кітап палатасының құрулу туралы» бірлескен Қаулысына сәйкес ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 6 сәуіріндегі № 270 Қаулысында Кітап палатасына ұлттық ұйым мәртебесі беріліп, Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы деп аталды. | Kitap-palatasy.kz |
Халықаралық кітапханалықассоциациялар менмекемелер федерациясы (ИФЛА) (International Federation of Library Associations and Institutions). Международная Федерация библиотечных ассоциаций учреждений ИФЛА (International Federation of Library Associations and Institutions). |
Кітапханалар мен ақпараттық қызметтердің және олардың пайдаланушыларының мүддесін білдіретін жетекші халықаралық үкіметтік емес ұйым. IFLA – бүкіләлемдік кітапханалық қауымдастық халықаралық маңызы бар мәселелерді қарау үшін кездесетін ұйым. IFLA 1927 жылы Эдинбургте (Шотландия) құрылды, ал ресми ұйым ретінде 1971 ж. Нидерландыда Жарғы қабылданғаннан кейін тіркелді. IFLA штаб-пәтері әрдайым Гаагадағы Нидерландының Корольдік кітапханасында орналасқан. IFLA-ның негізгі мақсаттары: кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуді жоғары деңгейде қамтамасыз ету мен жеткізуді қолдау; жеке, мемлекеттік және қоғамдық секторларда жоғары сапалы кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетудің маңыздылығы мен құндылығын түсінуін таратуға жәрдемдесу; бүкіл әлемге өз мүшелерінің мүдделерін ұсыну. |
ifla.org |
Еуразия кітапханалары ассамблеясы (ЕКА)
Библиотечная Ассамблея Евразии |
«Еуразия кітапханалық ассамблеясы» коммерциялық емес серіктестік ТМД елдері кітапханаларының коммерциялық емес серіктестігі болып табылады, оның негізгі мақсаты ортақ ақпараттық-кітапхана және әлеуметтік-мәдени кеңістікті қалыптастыру және нығайту болып табылады.
ЕКА пайдаболуы тәуелсіз Мемлекеттер достастығы елдерінің ұлттық кітапханаларының ортақ кітапхана қызметін сақтау және дамытуда күш-жігерін біріктіру үшін бірігуге деген өзара ұмтылысының арқасында мүмкін болды, объективті жағдайлар мен мүдделердің көрінісі болды. ТМД елдері арасындағы қарым-қатынастар дамыды. ТМБ-ның 8 ұлттық кітапханасы құрған Еуразия кітапханалық ассамблеясына кітапханалар, кітапхана бірлестіктері және басқа да мәдениет үйымдары қатыса алады. |
bae.rsl.ru |
Ресей кітапханасы қауымдастығы (РКҚ) Российская библиотечная ассоциация (РБА) |
1994 ж құрылған. Қауымдастықтың мақсаты: Ресейдегі кітапхана ісі сақтау және дамыту, Ресей кітапханасы қоғамдастығының мүдделерін білдіру және қорғау, кітапханалардың беделін және кітапханашы мамандығының әлеуметтік мәртебесін арттыру мүддесіне кітапхалардың, кітапхана бірлестіктерінің және мектептердің күш-жігерін біріктіру, қолау және іс-әрекеттерін үйлестіру. Күш-жігерін біріктіру, Ресейдегі кітапхана ісін сақтау және дамыту мүддесінде кітапхана, кітапханалар мен мектептер қауымдастығы қызметтерін қолдау және үйлестіру, ресей кітапханалық қауымдастықтың мүддесін білдіру және қорғау, кітапханалардың беделін арттыру және кітапхана мамандығының әлеуметтік мәртебесін көтеру. |
rba.ru |
ЛИБНЕТ Ұлттық – ақпараттық–кітапхана орталығы Национальный информационно-библиотечный центр ЛИБНЕТ |
«Орталық» Ресейдің екі ұлттық кітапханалары арқылы құрылды: 2001 жылы наурыз айында Ресей мемлекеттік кітапханасы және Ресей ұлттық кітапханасы. Оның мақсаты қазіргі заманғы технологиялар негізінде электрондық ресурстарды пайдалану, алмасу және құру саласында ресей кітапханалар ынтымақтастығы жобаларын жүзеге асыру болып табылады. ОРталықты Автономды коммерциялық емес ұйым ретінде тіркеү 2001 жылдың 11 сәуірінде өтті. Орталық мәдениет және кинематография Федералдық агенттігінің қолдауымен жұмыс жасайды. Орталықтың міндеттері: ақпараттандыру саласындағы ұлттық кітапхана саясатын жүзеге асыруға жәрдемдесу; RUSMARC ұлттық форматтарын және каталогтау ережесін, библиографиялық қызмет көрсетуді, машина оқитын каталогты енгізудегі кітапханалар ынтымақтастығын, ұйымдастыру; Ресей кітапханаларының «еркін» каталогын құрастыру; маңызды файлдарды құрастыру; жарияланым алдында (СІР) каталогтау технологиясын ұйымдастыруға жәрдемдесу; ақпараттық технологиялар саласында ақпараттық-кітапханалық қызметкерлерді даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыруға қатысу; кітапханалар ынтымақтастығы мәселелері бойынша мәжілістер мен семинарларды жүргізу; ең маңызды ақпараттық қорларға қолжетімділікті қамтамасыз ету. |
nilc.ru |
Мақалалардың аймақаралық аналитикалық тізімі (МАРС)
Межрегиональная аналитическая роспись статей (МАРС) |
Жоба 2001 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейн ортақ күш-жігермен деректер қорын жасайтын әр түрлі жүйелер мен ведомстволардан тұратын 200-ден астам кітапхананы біріктіреді. Қазіргі уақытта 1700-ден астам журналдар тізімде. Жобаның ерекшеліктеріне журналдар аналитикалық тізімі, жобаның барлық қатысушыларының тең құқылығы, бірыңғай нормативтік құжаттарды пайдалану және жобаның қолжетімділігі. Кез келген кітапхана бекітілген ережелермен келіссе жобаға қосыла алуы мүмкін. Еркін деректер қорында толық мәтінді мақалалар жоқ. Бірақ құжаттарды электронды түрде жеткізу жобасы қатысушы-кітапханаларға өз оқырмандарына мақалалардың электронды көшірмелеріне тапсырыс жасауға мүмкіндік береді. |
mars.arbicon.ru |
ЮНЕСКО-ның кітапханалық порталы
ЮНЕСКО |
ЮНЕСКО Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі агенттігі болып табылады және осы салалардағы халықаралық ынтымақтастық арқылы бейбітшілікті жақтайды. ЮНЕСКО бағдарламалары БҰҰ Бас ассамблеясы қабылдаған 2015 жылы қабылдаған тұрақты дамудың 2030 күн тәртібінде белгіленген Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді. Үкіметтер арасындағы саяси және экономикалық келісімдер халықтардың ұмтылыстарын тұрақты және шынайы қолдауды қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз. Тұрақты бейбітшілік диалог пен өзара түсіністік, сондай-ақ адамзаттың интеллектуалды және адамгершілік ынтымақтастығы негізінде құрылуы керек. |
portal.unesco.org |