Елімізді өзгертетін «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны

«Кітап оқитын ұлт» жобасы – Қазақстан Республикасы тұрғындары арасында тұрақты кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, сыни және аналитикалық ойлауды дамытуға, сондай-ақ кітапты барлық жас және әлеуметтік топтар үшін білімнің маңызды көзі ретінде дәріптеуге бағытталған ауқымды зияткерлік-ағартушылық бастама.

Жобаның миссиясы
Қазақстан азаматтарының бойында бала кезден кітап оқудың тұрақты дағдысын қалыптастырып, еліміздің әлемдегі ең көп кітап оқитын он мемлекеттің қатарына қосылуына ықпал ету.

Оның негізінде қарапайым идея жатыр: оқу – өз алдына мақсат емес, тұлға мен қоғамды қалыптастырудың маңызды жолы.

«Кітап оқитын ұлт» – оқуға, үйренуге, ойлануға және алған білімді өмірде қолдануға деген тұрақты дағдыны қалыптастыруға бағытталған ұзақ мерзімді қозғалыс.

Scroll to Top