Құрметті оқырмандар !
«Астана медицина университеті» КеАҚ кітапханасының қорына Қазақстан тарихынан қазақ (110 дана), орыс (110 дана) және ағылшын (120 дана) тілдерінде оқу және ғылыми әдебиеттер сыйлыққа түскенін қуана хабарлаймыз.
«Қазақстан және Орталық Азия тарихы институты» ЖШС бас директоры Самат Жұматайұлына университеттің кітапхана қорын дамытуға қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз, бұл студенттер мен оқытушылар үшін ресурстарды айтарлықтай байытады, ғылыми зерттеулер мен оқу үшін жаңа мүмкіндіктер береді.
Біз университет кітапханасының оқырмандарын оқу әдебиеті абонементіне осы басылымдарды алу үшін шақырамыз және кітаптармен жұмыс істейтін әрбір адам үшін олардың құнды білім көзі болатынына сенімдіміз.