Құрметті әріптестер!
Университеттің ақпараттық мүмкіндіктерін кеңейту және білім беру үдерісінің сапасын арттыру мақсатында 2026 жылғы 2–30 наурыз аралығында Medical Education Solution модуліне (барлық студенттер мен оқытушылар үшін) және Dentistry модуліне (стоматологтар мен сабақтас бағыттағы мамандар үшін) тестілік қолжетімділік берілетінін хабарлаймыз.
Anatomy.tv – нақты медициналық зерттеулер негізінде жасалған анатомиялық 3D-модельдердің ең ауқымды базаларының бірі. 30 жылдан астам уақыт ішінде бұл ресурсты 150-ден астам елдегі 1500-ден аса ұйымның миллиондаған студенттері, ғалымдары мен медицина қызметкерлері пайдаланып келеді.
Primal Pictures модельдері компьютерлік томография деректеріне негізделген. Бұлшықеттер, қан тамырлары, жүйкелер және ішкі ағзалар МРТ және өзге де медициналық зерттеулер, соның ішінде Visible Human Project жобасының бейнелері негізінде модельденген.
Модельдер әртүрлі пайдаланушылардың талаптары мен білім деңгейіне бейімделе алады – студенттер мен пациенттерден бастап, ғылыми қауымдастық өкілдері мен тәжірибелі дәрігерлерге дейін.
Primal Pictures және Anatomy.tv туралы толығырақ:
https://primalpictures.com/
Жүйеге кіру сілтемесі:
https://www.anatomy.tv/
Қосымша кіру сілтемесі:
http://www.anatomy.tv/?noip=y&l=Astana&p=5UP3t27F
(осы сілтемені ашық қолжетімділікке жарияламауыңызды сұраймыз).
Сонымен қатар, 2 наурыз күні Астана уақыты бойынша 15:00-де платформаны барынша тиімді пайдалану жолдары бойынша вебинар өткізіледі.
Тіркелу сілтемесі:
https://maholding-ch.zoom.us/j/83742872765
(тіркелгеннен кейін шақыру хаты электрондық поштаңызға жіберіледі).
