Астана медицина университетінің кітапханасы Қазақстан Республикасындағы Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған «#ОқуСәнді» Библиоселфи фото-видео байқауының басталғанын хабарлайды. Байқау оқу мәдениетін насихаттауға бағытталған.
Байқаудың мақсаты – жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін дамыту және қатысушылардың шығармашылық әлеуетін ашу. Қатысушылар университет кітапханасында кітаппен немесе оқу процесінде түсірілген авторлық фото немесе бейне жұмыстарын ұсына алады.
Жұмыстарды жеке Instagram аккаунтында @mua_university_library парақшасын белгілей отырып жариялау қажет.
Өткізу мерзімі: 2026 жылғы 7–27 сәуір
Қорытындысы: 29 сәуір, сағат 11:00
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға грамоталар мен естелік сыйлықтар табысталады.
Назар аударыңыз: бір қатысушыдан тек бір ғана жұмыс қабылданады. Креативтілік пен ерекше көзқарас құпталады!
