Құрметті оқырман!
Астана медицина университеті жатақханасындағы оқу залының ашылуына орай 2024 жылдың 20 ақпанында «Кітапханаға кітап сыйла!» буккроссинг науқаны басталады. Науқан Дүниежүзілік дауыстап оқу күніне арналады және ағымдағы жылдың 5 наурызына дейін жалғасады. Сіздерді осы іс-шараға белсенді қатысуға шақырамыз және өз қалауыңызбен сыйға тартылған кітаптардың алғашқы беттерінде, жаңа оқырмандарға арнау ретінде тілектеріңізді қалдыруды ұсынамыз.







