Құрметті әріптестер!
Университеттің ақпараттық мүмкіндіктерін кеңейту және білім беру процесінің сапасын арттыру мақсатында 2026 жылғы 2–30 наурыз аралығында Medical Education Solution модуліне (барлық студенттер мен оқытушылар үшін) және Dentistry модуліне (стоматологтар мен сабақтас мамандар үшін) тестілік қолжетімділік берілетінін хабарлаймыз.
Anatomy.tv – нақты медициналық зерттеулер негізінде жасалған анатомиялық 3D-модельдердің ең ауқымды базаларының бірі. 30 жылдан астам уақыт ішінде бұл ресурсты 1500-ден астам ұйым мен 150-ден аса елдің миллиондаған студенттері, ғалымдары және медицина қызметкерлері пайдаланып келеді.
Primal Pictures модельдері компьютерлік томография деректеріне негізделген. Бұлшықеттер, тамырлар, жүйкелер және ішкі ағзалар МРТ және көптеген өзге медициналық зерттеулер, соның ішінде Visible Human Project суреттері негізінде модельденген.
Модельдерді әртүрлі пайдаланушылардың талаптары мен білім деңгейіне бейімдеуге болады – студенттер мен пациенттерден бастап, ғылыми қауымдастық өкілдері мен тәжірибелі дәрігерлерге дейін.
Primal Pictures және Anatomy.tv туралы толығырақ:
https://primalpictures.com/
Жүйеге кіру сілтемесі:
https://www.anatomy.tv/
Қосымша кіру сілтемесі:
http://www.anatomy.tv/?noip=y&l=Astana&p=5UP3t27F
(осы сілтемені ашық қолжетімділікке жарияламауыңызды сұраймыз).
Сонымен қатар, 2 наурыз күні Астана уақытымен 15:00-де платформаны барынша тиімді пайдалану жолдары бойынша вебинар өткізіледі.
Тіркелу сілтемесі:
https://maholding-ch.zoom.us/j/83742872765
(тіркелгеннен кейін шақыру хаты электрондық поштаңызға жіберіледі).
