
QR-код документа
>
Елшібаева, К. Ғ.
Тар Жол Тайғақ Кешуді Жеңілдеткен Мөлдір Махаббат / Елшібаева К. Ғ. - Алматы : Нур-Принт, 2015. - 141 с. - ISBN 978-601-224-330-7 : Б. ц.
Книга находится в Премиум-версии IPR SMART.
| УДК | 159.9 |
Кл.слова (ненормированные):
казахская поэзия -- казахский поэт -- письмо -- путь любви -- стихи -- тернистый путь -- узкая дорога
Аннотация: Дүние алма-кезек, аумалы төкпелі. Өмірге келгеннен соң, мағыналы да мәнді өмір сүргің келеді. Саналы адамның мақсаты: отбасылы болып, артқа ұрпақ қалдыру, сол ұрпақты жақсы тәрбиелеп, жеткізіп, бала-шағаның қызығын көру. Осынау бір өмірде, тағдырдың тәлкегіне еріп, пендешілік те жасалынады. Сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ жоқ дегендей, кейбіреулер, бала-шағаны асырау үшін, соларды жетілдіру үшін, күн көріс үшін біліп қылмысқа барады, кейбіреулер біреудің алдау-арбауына түсіп, жаны қиналған сәтте не істеп не қойғанын білмей де қалады, сөйтіп түрменің төңірегінен орын табады. Сондай бір жандардың қиын қыстау қапастағы жан айқайы, бірін-бірі көрмесе де қағаз, қалам арқылы бір-біріне демеу болған сәттерде не күйде болғаны туралы жағдайларын, монолог ретінде ұсынылуын жөн көрдік. Көкірегімен сезіне оқыған жан, бұдан өзіне керекті ақпарат алады, оңын солын түсіну мүмкіндігіне ие болады. Адамзатқа ғана тән сезім - шынайы махаббаттың, көрінбейтін жібек жіптей нәзіктігіне тағы да көз жеткізесіз. Ашып айтатын болсақ, белгілі бір себептермен бас бостандығынан айырылып, қапас түрмеде жатып, түрме поштасы арқылы хат алысқан жандардың арасында үлкен де шынайы махаббат туындалғаны, сол махаббатың арқасында өмірге деген құлшыныстың пайда болуы, тар жол тайғақ кешуден аман есен өтіп, шаңырағы шайқалып тұрған от басына қайта қауышуы, оқырман қауымға өте қызықты да әрі пайдалы әсер береді ғой деген ойдамыз. Әйел мен ер азаматтың бір-біріне жауабын, сіздер ажырата оқысын деген мақсатта, кітап екі түрлі шрифті әріппен жазылған. Бұл кітап кейіпкерлері кәсіпқой ақындар емес, бірақ ақын жанды, ішкі дүние байлығы өте зор жандар, сондықтан да кейбір өлеңдерінде ұйқастықтар болмаса айып етпейсіздер. Кітапта келтірілген оқиға өмірден алынғанмен, кейіпкерлер шын мәнінде өмірде болмаған жандар. Іске сәт қадірменді оқырман!
Похожие издания по классификации