
QR-код документа
>
Матаев, Ө.
Электр тораптары : оқу құралы / Матаев Ө. - Алматы : Нур-Принт, 2015. - 99 с. - ISBN 978-601-7390-79-2 : Б. ц.
Книга находится в Премиум-версии IPR SMART.
| УДК | 621.3 |
Кл.слова (ненормированные):
затрата энергии -- изолированный провод -- изолятор -- кабель -- линия электропередачи -- регулирование напряжения -- структура провода -- тепловой расчет -- электрическая сеть -- электрическая станция
Аннотация: Электрлендіру, яғни халық шаруашылығының барлық салаларында және халық тұрмысында электр энергияны өндіру, тарату және оны қолдану – техникалық прогрестің маңызды факторы болып табылады. Электрлендірудің негізінде өндіріс дамыды, электр энергиясы ауыл шаруашылығы мен транспортқа енді. Өзара қуатты энергия жүйелеріне біріктірілген ірі аудандық электр станциялары сенімді, жоғары сапалы және арзан электр энергиясымен жабдықтайды, бұған негізгі себеп - электр станцияларды арзан энергия көздері көмір, үлкен өзендердің жанына жайғастыруға болады. Негізінде ауыл шаруашылығын орталық электрмен жабдықтауға көшіру мәселесі шешілген. Ауылдық елді мекендерде барлық тұрғын үйлердің электрлік кірмесі бар. Электр берілісінің ауа желілерімен түгелдей деуге болады барлық ауылдық елді мекендер қамтылған. Ауылдық жердегі өндірістік мекемелер және елді мекендерді электрмен жабдықтауының өндіріс пен қалаларды электрмен жабдықтаумен салыстырғанда өзінің ерекшеліктері бар. Олардың бастысы - елдің барлық территориясында жайғасқан салыстырмалы азқуатты нысандардың үлкен санына электр энергиясын жеткізу қажеттілігі. Нәтижесінде тораптардың ұзындығы халық шаруашылы-ғының басқа салаларындағы (тұтынушы қуатының бірлігіне шаққанда) бұл шамадан көп есе асып кетеді, ал ауыл шаруашылығын электрмен жабдықтаудың құны электрлендіру дің жалпы құнының 75% дейін құрайды. Жоғарыда айтылған мәселе ауыл шаруашылығын электрмен жабдықтау проблемасының зор маңызы бар екенін көрсетеді. Оның оңтайлы шешілуіне көбінесе ауыл шаруашылығы және ауыл тұрғындарының тұрмысындағы электр энергияны қолдануының экономикалық тиімділігі тәуелді. Электрмен жабдықтау жүйесінің ең маңызды көрсеткіші электр энергиясын берудің сенімділігі. Қандай болмасын ағыту - жоспарлы (ревизия және жөндеу) және кездейсоқ, апатты - тұтынушыға және энергия жүйесінің өзіне үлкен ысырап келтіреді. Сондықтан ауылшаруашылық тұтынушыларын оңтайлы сенімділікпен электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін әсерлі және экономикалық тұрғыда орынды шамаларды қолдану қажет.
Доп.точки доступа:
Үмбетқұлов, Е.
Абдурахманов, А.
Похожие издания по классификации