Jove

Құрметті әріптестер!
Халықаралық ғылыми-білім беру ресурсы JoVE (Journal of Visualized Experiments) платформасына институционалдық қолжетімділік белсендірілгенін хабарлаймыз.

JoVE – ғылыми әдістерді, эксперименттерді және білім беру тұжырымдамаларын визуалды форматта көрсететін ғылыми видеоматериалдарды жариялайтын әлемдегі жетекші бейнежурнал болып табылады. Ресурсты білім беру үдерісінде, сондай-ақ оқытушылар мен білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметінде пайдалануға болады.

Негізгі тақырыптық бағыттар:

  • Биология
  • Химия
  • Физика
  • Математика
  • Медицина
  • Психология
  • Инженерлік ғылымдар
  • Экология және қоршаған орта
  • Бизнес

Ресурстың сипаттамасы:

  • Ресурс түрі: ғылыми-білім беру бейнемәліметтер базасы
  • Басылым түрлері: бейнежурналдар, ғылыми-білім беру бейнелер, зертханалық демонстрациялар
  • Көлемі: 30 000-нан астам бейнематериал
  • Жарияланым тілі: ағылшын тілі (13 тілде, оның ішінде орыс тілінде субтитрлер қолжетімді)
  • Форматы: ағынды бейне
  • Қолжетімділік: Astana Medical University институционалдық жазылымы

Толыққанды қолжетімділік алу үшін әрбір пайдаланушы JoVE платформасында жеке есептік жазба (аккаунт) тіркеуі қажет. Тіркелу нұсқаулығы қоса беріледі.

JoVE бейне-мақалалары Scopus, PubMed және Web of Science халықаралық наукометриялық дерекқорларында индекстеледі, бұл ресурстың академиялық маңыздылығын растайды.

Платформаға қолжетімділік сілтеме арқылы жүзеге асырылады:
👉 https://app.jove.com/

Scroll to Top