2026 жылғы 15 қаңтарда Астана медицина университеті кітапханасының № 1 топтық оқу бөлмесінде «Кафедра күні» ақпараттық-библиографиялық іс-шаралары өткізілді.
Іс-шараға «Жалпы және биологиялық химия кафедрасы» және «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасы» меңгерушісі және оқытушылары қатысты.
Кафедра күнін өткізудің мақсаты:
– ақпараттық ресурстар мен кітапхана қорын насихаттау;
– оқу және ғылыми-зерттеу процесін ақпараттық-кітапханалық қамтамасыз ету сапасын арттыру;
– оқу бағдарламаларын баспа және электрондық форматтарда әдебиетпен қамтамасыз ету бойынша кафедралар мен кітапхана арасындағы тиімді ынтымақтастықты дамыту.
Іс-шарада кітапхана мамандары кітапхана қорының 3 тілдегі баспа басылымдарының көрмесін, кітапхана қорына келіп түскен оқу және ғылыми әдебиеттердің жаңалықтарына шолуды және біздің университет үшін қолжетімді электрондық-кітапханалық жүйелерді ұсынды. Ерекше назар электрондық білім беру ресурстарына, олардың оқу және зерттеу қызметінде пайдалану мүмкіндіктеріне аударылды.
Іс-шара оқытушылардың ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыруға, кафедралар мен кітапхана арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ білім беру процесінде заманауи ақпараттық технологияларды пайдалануға қызығушылығын арттыруға ықпал етті. Кафедра күнін өткізу кафедралардың қажеттіліктерін талқылау және кітапхана мен университеттің академиялық бөлімшелері арасындағы серіктестік байланыстарды дамыту үшін тиімді алаң болды.




