Черновик

Құрметті әріптестер !

         2024 жылдың 26 ақпанында кітапхананың коворкинг залында университеттің дерекқор жазылымдарын пайдалану бойынша оқыту семинары өткізілді. Семинар неонатология кафедрасының қызметкерлері және резиденттерінің қатысуымен өтті.

        «Дерекқор жазылымдары. Ашық қолжетімді мәліметтер базасы. Электрондық ресурстарға тестілік қолжетімділік» тақырыбында өткен оқыту семинарында Informascope компаниясының өңірлік директоры Ерханов Бакдаулет Асылханович университеттің ғылыми-зерттеу қызметінде электронды деректер қорын пайдаланудың мазмұнымен және мүмкіндіктерімен егжей-тегжейлі таныстырды.

        Семинарда университеттің қолжетімді электронды мәліметтер қорын пайдалануға қатысты мәселелер қарастырылды.

Scroll to Top