Сіздерді 2025 жылғы 11 желтоқсанда Астана уақытымен 15:00-де өтетін вебинарға қатысуға шақырамыз.
Вебинар тақырыбы: «Wiley журналдарының баспашылары мен редакторлары зерттеулердің ықпалы мен көрінуін қалай арттыра алады»
Ғылыми еңбектердің ауқымын кеңейтіп, олардың әсерін күшейтуді қалайтын журнал баспашылары мен редакторларына арналған мазмұнды сессияға қатысуға шақырамыз. Іс-шара барысында ғылыми жарияланымдардың болашағын айқындайтын практикалық стратегиялар мен жаңа үрдістер қарастырылады.
Іс-шара тілі: орыс тілі.
Баяндамашы: Петр Бородавкин
Тіркелген барлық қатысушылар вебинар аяқталғаннан кейін 24 сағат ішінде жазбаға қол жеткізе алады. Тікелей эфирге қатысқан көрермендер қатысқаны туралы сертификатқа ие болады.
Вебинарға тіркелу сілтемесі: (алдын ала тіркеліңіз, тіркелгеннен кейін вебинарға қосылу сілтемесі жіберіледі)
https://register.gotowebinar.com/register/4723739899338665307
