Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құжаттармен және медициналық ақпаратпен жедел жұмыс істеуге арналған Defect AI – «Ақылды іздеу» сервисін пайдалануға шақырамыз.
Defect AI – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 1200-ден астам клиникалық хаттамалары мен бұйрықтары негізінде оқытылған жасанды интеллект көмекшісі. Сервис пайдаланушылардың сұрақтарына табиғи тілде жауап беріп, ақпараттың қай дереккөзден алынғанын көрсетеді.
Сервистің негізгі мүмкіндіктері:
• клиникалық хаттамалар мен нормативтік құжаттар бойынша ақпаратты жылдам іздеу;
• оқу, ғылыми-зерттеу және практикалық қызмет үшін өзекті мәліметтер алу;
• диагноздар, емдеу әдістері және медициналық құжаттамамен жұмыс істеуде көмек көрсету;
• үнемі жаңартылып отыратын медициналық білім базасына қол жеткізу.
Студенттерді, профессор-оқытушылар құрамын, қызметкерлер мен медицина мамандарын білім беру және кәсіби қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында аталған сервистің мүмкіндіктерін пайдалануға шақырамыз.
🔗 Сервиске тіркелу және қол жеткізу: https://app.defect.kz/for/mua
