Воркшоп JoVE

✨ 15 мамыр күні сағат 11:00-де университет кітапханасының Электрондық залында оқытушыларға арналған JoVE интерактивті практикалық воркшопы өтті!
🎓 Кездесуді JoVE компаниясының клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджері Азги Алмамедова (Орталық Азия / Ұлыбритания, Ирландия және Балтық елдері) өткізді.
💡 Воркшоп аясында қатысушылар «hands-on» форматындағы заманауи білім беру құралдарымен танысып, оларды оқу үдерісінде қолданудың практикалық дағдылары мен тәжірибесін алды.
👏 Қатысқан баршаңызға үлкен алғысымызды білдіреміз! Білім беру сапасын арттыру және студенттерімізге барынша қажетті әрі пайдалы ақпарат ұсыну мақсатында осындай кездесулерді алдағы уақытта да өткізуді жалғастыруға қуаныштымыз.
✨ Кездесу сіздер үшін қызықты әрі пайдалы болды деп сенеміз!

Scroll to Top