📚 Құрметті әріптестер мен университет студенттері!
«Астана медицина университеті» КеАҚ кітапханасы Қазақстан Республикасындағы Ұлттық кітап күніне орай «Шын жүректен кітап сыйла» акциясын жариялайды.
📅 Мерзімі: 2026 жылғы 9–27 сәуір
✨ Кітап сыйла — қуаныш, білім және шабыт сыйла!
📖 Әрбір кітап өз оқырманын табады, ал сіз үлкен кітап мерекесінің бір бөлігіне айналасыз.
📍 Кітаптарды келесі мекенжай бойынша тапсыруға болады:
Бейбітшілік 49А, 53 корпус, 1 қабат, 107 кабинет.
Акция аясында университет кітапханасына оқу, ғылыми, ғылыми-көпшілік және көркем әдебиеттерді сыйға беру мүмкіндігін қарастыруыңызды сұраймыз. Соңғы жылдары жарық көрген басылымдар, сондай-ақ кафедра оқытушыларының авторлық еңбектері ерекше құндылыққа ие.
