Жүректен шыққан жыр

Астана медицина университетінің кітапханасы Қазақстан Республикасындағы Ұлттық кітап күніне орай студенттер арасында «Жүректен шыққан жыр» мәнерлеп оқу байқауының өткізілетінін хабарлайды.

Байқаудың негізгі мақсаты – көркем оқу саласында дарынды студенттерді анықтау және қолдау.

Қатысушылар өз Instagram парақшасында (онлайн форматта) бір поэзиялық шығарманы (немесе үзіндіні) ұсынады. Поэзиялық орындаумен бейнероликті жариялау кезінде міндетті түрде @mua_university_library кітапхана парақшасына жазылып, белгілеу қажет.

Байқаудың өткізілу мерзімі: 2026 жылғы 7–27 сәуір.

Қорытындысы: 2026 жылғы 29 сәуір, сағат 11:00-де шығарылады.

Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталады.

Scroll to Top